Шымкенттің ұсталған төрт тұрғынына 11 жарылыс жасады деген айып тағылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің ұсталған төрт тұрғынына 11 жарылыс жасады деген айып тағылып отыр

Шымкенттің ұсталған төрт тұрғынына 11 жарылыс жасады деген айып тағылып отыр

Шымкентте шілде айында ұсталған жергілікті тұрғындарға 11 жарылыс жасады деген айып тағылған.
           "Оларға 2012-2013 жылдары Чапаевка ауданында қолдан жасалған қопарғыш заттарды жарды деген айып тағылып отыр, ондай 11 факті бар", деді  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 395
Фото - Caravan.kz


Шілде айында олардың үшеуі ұсталып, бірі іздеуге берілген болатын. Полицияның баспасөз қызметінен нақтылап өткендей, күдікті төртінші де ұсталған.  Оларға Қазақстанның Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр, қорқытып ақша талап ету,бұзақылық, қылмыстық топ ұйымдастыру және қастандық жасауға әрекет ету.  "Істің тергелуі аяқталуға жақын", деп атап өтті баспасөз қызметінен.