Алматыда жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Алматыда жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

 Өтебай Қанахиннің басқа жазушылардан ерекшелігі - ең алғашқылардың бірі болып зиялылар тақырыбына қалам тербеген. Бұл туралы бүгін Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 90 жылдығына арналған еске алу кешінде айтылды.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 1171
Фото - Caravan.kz


«Қаладағы қазақтың тағдырына арнаған алғашқы романдардың бірін жазған Ө.Қанахин артында 25 кітап қалдырды. «Қарт сарбаздың хикаясы» кітабының бір данасын Мұхтар Мағауин сақтап қалмағанда ол роман мүлде жоқ болып кетер еді. Цензураның қатал сынына тап болып, бір күнде өртелген. Содан кейін жазушы көп кешікпей, жүрегі шыдамай дүниеден өтті», — дейді ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Мереке Құлкенов. Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысына қатысқан Ө.Қанахин Қытайдағы Порт Артур деген жерде офицер болып жүргенде алғашқы шығармасын жазады. Оның қолжазбасы Мұқан Иманжановтың қолына тиіп, «мына жігіттен бірдеңе шығады, мықты жазушы болайын деп тұр елге шақырайық», дейді. Соның арқасында қаламгер 17 күн жүріп Алматыға келгенде Мұқаң бастаған жазушылар оны қамқорлыққа алып, Жазушылар одағына мүшелікке алады.

Өтебай Қанахин 1923 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында дүниеге келіп, 1990 жылы өмірден озды. Жазушының «Екі кездесу» атты алғашқы әңгімесі 1947 жылы, «Ауыр күндер» повесі 1957 жылы жарық көрді. Кейіннен «Мұрагер» (1958 ж.) әңгімелер жинағы, «В тяжелые дни» (1961ж.), «Көл жағасында» (1960 ж.) повестері, «Жер басып жүрсем» (1968 ж.), «Пока хожу по земле» (1970 ж.) әңгімелер мен повестер жинақтары, «Жас дәурен» (1966 ж.), «Тұңғыш махаббат» (1966 ж.) повестері, «Дәмелі» (1962 ж.), «Маздақ» (1964 ж.), «Жүрек қалауы» (1974 ж.), «Бақыт бәйшешегі» (1976 ж.), «Құдірет» (1979 ж.), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986 ж.), «Ата қоныс» (1990 ж.) романдары жарық көреді. Сондай-ақ 1953-1960 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары болады. 1960 жылдан кейін Қазақстан КП Орталық Комитетінің нұсқаушысы, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып, 1963-1966 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактор, 1966-1969 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969-1970 жылдаыр «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналының бөлім меңгерушісі, 1975-1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық алқасының бас редакторы, 1984 жылдан кейін «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында әдеби қызметкер болды. Орыс жазушылары М.Шолоховтың, В.Кожевниковтің әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне тәржімалаған Ө.Қанахиннің бірқатар шығармалары шет тілдеріне де аударылған.

Перейти к новостям спорта