«Жайдарманда» Қызылорданың «Қорқыт құрамасы» жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жайдарманда» Қызылорданың «Қорқыт құрамасы» жеңіске жетті

«Жайдарманда» Қызылорданың «Қорқыт құрамасы» жеңіске жетті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» фестивалі мәреге жетті.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 678
Фото - Caravan.kz

БҚО әкімдігі және жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазақстан КТК одағының БҚО филиалы — «Ақжайық КТК лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен әзіл-сықақ аламанына Астананың «Демеушіміз — болашақ», Қызылорда қаласының «АралАС», «Қорқыт құрамасы», Ақтөбенің «7132», «Әдемі», Атырау облысының «Сағыз» және жергілікті «Назар аудар», «ҚазИИТУ құрамасы», «24 сағат» командалары өнер көрсетті.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, қазақстандықтар «Жайдарман» ойындарын сонау тәуелсіздік алған жылдардан бері республикалық деңгейде тамашалап келеді. «Жайдарманшылар» саясат, мәдениет, жалпы мемлекет өміріндегі барлық бағыттағы жәйттерді әзіл арқылы сахна төрінен көрсетіп жүр. Бүгінгі күні ҚР Президенті жанындағы жастар кеңесі мен «Жайдарман» КТК одағының президенті Есен Елеукен өзара қарым-қатынас меморандумына қол қойып, үлкен іске ұйытқы болуда.

Көрерменді әзілге қарық қылған кеш өте тартымды да тартысты өтті. Көгілдір экран арқылы талайдың жүрегіне жол тапқан үздік командалар аянып қалмады.


Кеш барысында арзан күлкі ғана емес, әр санаға ой салар салмақты әзілдері мол «жайдарманшыларға» көрермендер көкейдегі сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.

Сайыс қорытындысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің кубогі қызылордалық «Қорқыт құрамасы» командасына бұйырды.

 

Перейти к новостям спорта