Ертең «Қаламгер Азамат» Республикалық жас тілшілердің V форумы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең «Қаламгер Азамат» Республикалық жас тілшілердің V форумы басталады

Ертең «Қаламгер Азамат» Республикалық жас тілшілердің V форумы басталады

 «Казконтент» Акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен 2013 жылдың қыркүйек айының 25-27 күндері Алматы қаласында «Ел еңсесі - Егемендік» атты «Қаламгер Азамат» Республикалық жас тілшілердің V форумы өтеді.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 461
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумның басты мақсаты — жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа шақыра отырып, олардың жүрегіне патриоттық сезім орнатуға үлес қосу. Өскелең ұрпақтың кәсіби біліктілігін шыңдайтын, заманауи заңдылықтарды меңгеруге мүмкіндік туғызу. Ақпараттық тәжірибе алмасу бағытында түрлі салада қалам тербеуге, журналистиканың қыр-сырын үйренуге талпынған жас буынның басын қосып, жинау болып табылады.

Форумға 18-25 жас аралығындағы жас журналистер қатысады. Форумда «Қазақ баспасөзінің дамуы», «Телебағдарламалар мен жаңалықтар сюжеттерінің бүгінгі сапасы қай деңгейде», «Қазақ тіліндегі интернет ресурстарының дамуы», «Баспа БАҚ-ты интернетке шығару», «Creative Commons лицензиялары мен оны қазақстандық кеңістікте қолдану мәселелері», «Мультимедиалық журналистика» атты тақырыптар көтеріледі.