Халықаралық астронавтика академиясы қазақстандық ғалымдармен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық астронавтика академиясы қазақстандық ғалымдармен толықты

Халықаралық астронавтика академиясы қазақстандық ғалымдармен толықты

Кеше Қытай астанасында өз жұмысын бастаған 64-ші халықаралық астронавтикалық конгресс қарсаңында Халықаралық астронавтика академиясы (ХАА) күні өтті.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 399
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі (ҰҒА) төрағасы, техника ғылымдарының докторы, академик Талғат Мұсабаев бастаған Қазақстандық делегация осы жылы тағайындалған академия мүшелерін қатарға алуға және ХАА академиктерін марапаттау рәсіміне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

2008 жылдан бері ХАА-да Қазақстанның өкілі қызметін атқарып жүрген Қазғарыштың басшысы Талғат Мұсабаевтыің әлемдік космонавтикаға қосқан үлесі ескеріліп, ол бірден Халықаралық астронавтика академиясының академигі болып тағайындалды.

Биыл мүше-корреспондент мәртебесімен «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ президенті, техникалық ғылымдар докторы Жұмабек Жантаев Халықаралық астронавтика академиясы құрамына кірді.

Бес жыл бойы Халықаралық астронавтика академиясының мүше-корреспонденті болған Қазғарыш төрағасының орынбасары, халықаралық астронавтика академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Мейірбек Молдабеков ХАА академигі болып тағайындалды.

Бейжіңде өткен Халықаралық астронавтика академиясының мерекелік кешіне биыл ғарышқа ұшған Қытай ғарышкері Ван Япин қатысты. Оған Қазақстан, Румыния, Жапония ғарышкерлері игі тілектерін білдірді.


Келесі күні ХАА барлық мүшелері 64-ші астронавтикалық конгрестің ашылу салтанатына қатысты.

Халықаралық астронавтика академиясы — ғарыштық зерттеулер саласында жұмыс жасайтын алдыңғы қатарлы ғалымдар мен инженерлерді біріктіретін халықаралық қоғамдық ұйым. Академия ғарыш саласындағы әлемнің барлық академиялары арасында айрықша беделді болып табылады. Академияның мақсаты — ғарыш кеңістігін зерттеуге және оны бейбіт мақсаттарда қолдануға ықпал ету.