Көкшеліктер Абылай ханның 300 жылдық тойына ерекше дайындық үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшеліктер Абылай ханның 300 жылдық тойына ерекше дайындық үстінде

Көкшеліктер Абылай ханның 300 жылдық тойына ерекше дайындық үстінде

Тарыдай шашылған халқымыздың басын біріктіріп, жауға қарсы шыққан Абылайдың туғанына биыл 300 жыл.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 389
Фото - Caravan.kz

Тарихта есімі ерекше таңбаланатын тұлғаның мерейтойы еліміздің түпкір-түпкірінде кең ауқымда аталып өтілуде.

Басты мерекелік шара хан Абылайдың тұрағы Көкше өңірінде алдағы 5 қазанда ұйымдастырылады. Айтулы шараға еліміздің ең көрнекті өнер және мәдениет қайраткерлері, мемлекет және қоғам зиялылары қатысады. Абылай ханның туғанына 300 жыл толуына орай өтетін салтанатты кеште ҚР халық әртісі Т.Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қайрат Байбосынов, ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және т.б. өнер көрсетеді.

Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек. Одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай — Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.