Қазақстаннан асырап алған балаларды зорлаған Мэйоттар отбасына үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан асырап алған балаларды зорлаған Мэйоттар отбасына үкім шығарылды

Қазақстаннан асырап алған балаларды зорлаған Мэйоттар отбасына үкім шығарылды

АҚШ Вустер қаласының соты Қазақстаннан асырап алған балаларды зорлағаны үшін айыпталған Джозеф пен Линда Мэйотты 16-дан 22 жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімін шығарды, деп хабарлады РИА Новости.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 509
Фото - Caravan.kz


Сот шешімімен Джозеф Мэйотт Коммонвелс қаласының (Массачусетс штаты ) абақтысында 16 жылдан 20 жылға дейін отырады. Агенттіктің түсіндіруінше, егер сотталушының тәртібі жақсы болса, ол 16 жылдан кейін түрмеден босатылуы мүмкін. Оның жұбайы Линда Мэйотт Фремингэм қаласындағы (Массачусетс штаты) әйелдер түрмесінде 22 жыл қамауда отырады деп шешілді. Оның да 18 жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылуына құқығы бар. Сот өкілінің сөзінше, Мэйоттар отбасы әзірге сот үкіміне қатысты ешқандай шағым берген жоқ.