Атырау темір жол вокзалында күмәнді сөмке табылды.
Қазір ғимарат толық қоршауға алынып, оның аумағындағы адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күмән тудырған сөмке туралы мәлімет желілік ІІБ-не түскі сағат он екі жарымда келіп түскен.