КМБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 25 қыркүйекте Астанада өтетін «Өркениеттер диалогындағы Қазақстан Республикасы президентінің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің шақыруымен келе жатыр.
Конференция ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен Астанада өткізілген алғашқы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының саммитінің 10 жылдығына арналады.
Аталған саммитке тұрақты қатысып тұрған Аллахшукюр Пашазаде конференцияның Президиумы құрамына кіреді.
КМБ төрағасы конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлейді. 26 қыркүйекке дейін жалғасатын сапар барысында А.Пашазаде Астанада бірнеше кездесулер өткізеді деп жоспарлануда. Оның ішінде, Астанадағы Саммиттің ұйымдастыру комитетінің төрағасымен және Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен кездеседі деп күтілуде.