Қаржы полициясы Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің ресми сайтында жарияланған ақпарға сүйенсек, экс-судья өткен мамыр айында «азаматтық іс бойынша оң шешім шығарып беру үшін» 3 млн теңге көлемінде пара алмақ болған көрінеді.
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты 2-қыркүйек күні қызметтен босаған судья осы айдың 21-інде сот санкциясы негізінде қамауға алынды.