Кәсіпкерді тапа-тал түсте белгісіз біреулер ұрып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерді тапа-тал түсте белгісіз біреулер ұрып өлтірді

Кәсіпкерді тапа-тал түсте белгісіз біреулер ұрып өлтірді

Павлодарда кәсіпкерді тапа-тал түсте белгісіз біреулер ұрып өлтірді. Қаржы аудитімен айналысқан 33 жастағы азаматты тапсырыспен өлтіруі мүмкін деген болжам бар. Өйткені, қаскөйлер бағалы заттарына тимеген.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 286
Фото - Caravan.kz


Басынан жараланған жігіт жедел жәрдем жеткенше тірі болған. Алайда көп қан жоғалтқандықтан, тілге келместен көз жұмды. Қаскөйлер оны қорғасыннан құйылған кастетпен ұрыпты. Қанды оқиғаны көргендер тәртіп сақшыларына хабар берген соң, көп ұзамай бұзақылар да құрықталды. Қазір тапсырыс берушілер анықталып жатыр.