Ал, осы ведомствадағы вице-министр Роман Склярдың аяқасты жұмыстан кеткендігі мәлім болды. Орынбасарының өз еркімен қызметімен қош айтысқанын бүгін Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев растады. Үлкен шу тудырғалы отырған істің мән-жайын қаржы полициясы ашып айтпай отыр. Есілдің сол жағалауындағы жемқорлық дауын Бас прокуратура да өз бақылауына алған.