Қытай Солтүстік Кореяға қаруға негізделген материалдарды экспорттауға тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Солтүстік Кореяға қаруға негізделген материалдарды экспорттауға тыйым салды

Қытай Солтүстік Кореяға қаруға негізделген материалдарды экспорттауға тыйым салды

 ҚХР билігі зымырандар мен ядролық, химиялық және биологиялық қаруды жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдарды Солтүстік Кореяға тасымалдау шектеулерін күшейтті.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

ВВС-дің жазуынша, ҚХР Сауда министрлігі аталған шектеулер БҰҰ тарапынан Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды сақтауға көмектесетінін мәлім етті.

Қытай дәстүрлі түрде КХДР-ді ірі сауда әріптесі деп санайды.

Алайда, сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея биыл үшінші ядролық сынақты жүргізгеннен кейін Бейжіңнің көршілес елге деген қарым-қатынасы өзгере бастады.

Наурыз айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы санкцияларды қатаңдатқан болатын, оның ішінде аталған елдің жаппай қырып-жою қаруын әзірлеуге қатысты болуы мүмкін қаржылық операцияларына енгізілген шектеулер бар.