Алматы облысында 88 бала жаппай энтеровирус инфекциясын жұқтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 88 бала жаппай энтеровирус инфекциясын жұқтырған

Алматы облысында 88 бала жаппай энтеровирус инфекциясын жұқтырған

 24 қыркүйек күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының балалары жаппай энтеровирус індетіне шалдықты, деп хабарлады облыстық мемсанэпидқадағалау департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 478
Фото - Caravan.kz

Бір тәулікте бірден 88 бала аталған індетті жұқтырғаны анықталды. Бәрінің ауру белгілері бірдей — ыстығы көтерілген, бастары ауырған, көбісінің жүрегі айнып, құсқысы келіп, іші өткен.

«Орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне 88 баланың 9-ы жатқызылды. Олардың 38-і үйде тәрбиеленіп отырған балалар, 49-ы мектеп оқушылары», — деп жағдайды нақтылады Алматы облысы бойынша мемсаннэпидқадағалау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.

Дәрігерлердің бағалауынша, науқастардың қазіргі жағдайы тұрақты.