Алматыда бензовоздың жарылысы салдарынан бүлінген көп қабатты үйді жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, деп хабарлады қала әкімі Ахметжан Есімов.
"Үйдің сыртын, пәтерлерін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, "Гелиос" жөндеген пәтерлердегі жұмыс та аяқталды, өздері жөндейміз, деген тұрғындарға өтемақы төленді", деді А.Есімов Алматыда сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, "Гелиос" компаниясы зардап шеккен көлік иелеріне де өтемақы төледі.
"Гелиос" компаниясы өз міндеттемелерін толық көлемде және уақытылы орындады, жалпы алғанда өтемақы және жөндеу жұмыстарына "Гелиос" 135 млн аса теңге төледі.
"Гелиос" компаниясының бензовозы 27 маусым күні ағашға кіріп кеткен болатын, жүргізушісі қаза болды.