Оңтүстік Қазақстанда 8-сынып оқушысын зорлаған өзбекстандық ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда 8-сынып оқушысын зорлаған өзбекстандық ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда 8-сынып оқушысын зорлаған өзбекстандық ұсталды

 Полиция қызметкерлері 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен Өзбекстан Республикасының азаматын құрықтады.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 450
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының полиция бөліміне қыз баланың анасы келіп, бейтаныс адам олардың үйіне жасырын түрде кіріп, 8-ші сыныпта оқитын қызын зорлап кетті деп хабарлаған. Полицияның учаскелік инспекторлары мен АІІБ жедел тобы дер кезінде «ізін суытпай» Өзбекстан Республикасының 24 жастағы азаматын қолға түсірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.