Бұл туралы бүгін Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының XII отырысында Франция метрополиті Эммануил мәлім етті.
«Әрине, он жылдың ішінде елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, біз осында 10 жыл уақыт мерзімінде кездесулер өткізудеміз. Осы уақыттан бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына қолдау жасаудамыз»,-деді митрополит.
Оның пайымынша, Астанада өтіп жатқан осы тектес жиындарды жалғастырудың өзін үлкен жетістік деп бағалауға болады.
«Бұндай диалогты қолдаудың қажеттілігі бар. Біз істеп жатқан әрекеттеріміз бойынша барынша әділ болуымыз керек. Біздің жұмысымызда сонымен қатар сабақтастық пен ашықтықты ерекше назарда ұстау керек. Мұнымен қоса осы басқосуларға қатысушылардың қызығушылығын жоғалтып алмау қажет. Ең бастысы, біздің шешімдерді жүзеге асыруға айрықша мән беру шарт»,-деп түйді Франция митрополиті.