Оның хабарлауынша, онымен бірге ғұлама ғалым, философ әл-Фарабидің он шақты қысқа трактаты да әкелінді. «Бұл шығармалардың барлығы Иран Ислам республикасының өзінде де еш уақытта зерттелмеген. Сондай-ақ Тәуекел ханға қатысты тың деректер табылып отыр», — дейді Ғ. Қамбарбекова.
Ғалым атап көрсеткендей, Иран, Үндістан, Түркия және Моңғолия жеріне жасалған экспедиция барысында қазақ халқының тарихына қатысты 25 қолжазба табылып, елге жеткізілді.