Иран, Түркия мұрағаттарынан алынған қазақ тарихына қатысты құжаттар көрмесі ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран, Түркия мұрағаттарынан алынған қазақ тарихына қатысты құжаттар көрмесі ұйымдастырылады

Иран, Түркия мұрағаттарынан алынған қазақ тарихына қатысты құжаттар көрмесі ұйымдастырылады

Иран, Түркия мұрағаттарынан алынған қазақ тарихына қатысты құжаттар көрмесі ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысы барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 438
Фото - Caravan.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан қазақтың мәдени мұрасына қатысты деректерді шетелдік мұрағаттарды жинақтау жүргізілгендігін атап өткен М. Құл-Мұхаммед: «Ол бойынша дәл қазіргі кезеңде Мысырдағы, Түркиядағы, Ирандағы, Ресейдегі және Өзбекстандағы Қазақстан тарихына қатысты археологиялық деректер келе бастады. Әсіресе, иран архивінде қазақ хандығы екеуінің ортасындағы жазысқан хаттар, түрік архивтеріндегі қазақ хандарымен жазысқан хатта, қытай архивіндегі Қытай императоры Цян Лунның кезіндегі Абылаймен екі ортадағы жазысқан хаттар бар. Олардың барлығы қазір қазақ архивіне келе бастады. Бұл жөнінде мүмкін жылдың аяғында үлкен көрме өткізіп, сонда көрсетерміз деп ойлаймын», — деді М. Құл-Мұхаммед.

Сондай-ақ, ол Қазақстан аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштердің төлқұжаты жаңартылып, олардың кәсіби суреттері жасалғандығын баса айтты.


Перейти к новостям спорта