Қарағанды облысында дауыл кесірінен жол апаты болып, 1 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында дауыл кесірінен жол апаты болып, 1 адам қаза тапты

Қарағанды облысында дауыл кесірінен жол апаты болып, 1 адам қаза тапты

Ал Қарағанды облысында кеше түнде көтерілген дауылдың кесірінен жол апаты болып, бір адам қаза тапты. Айналаны көзге түртсе көргісіз қылып жіберген дүлей желде бірнеше жүк көлігі мен жолаушылар таситын автобус соқтығысқан.

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 380
Фото - Caravan.kz


Дауыл Теміртаудан шыға берістегі мына қиылыстың шаң мен жол жиегіндегі полигон қалдықтарын көтеріп, трассаны басып қалыпты. Осының кесірінен екі жақтан келе жатқан машиналар бірін бірі байқамай соқтығыса берген. Салдарынан бір жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмса, 7 адам ауруханаға жеткізілді. Аударылған көліктердің біріне тиелген астық тас жолға шашылған. Жолды тазарту түн ортасына дейін созылғандықтан жол қозғалысы айдарлықтай қиындады.