Өскеменде қала әкімінің қызметтік көлігі жол апатына себепкер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде қала әкімінің қызметтік көлігі жол апатына себепкер болды

Өскеменде қала әкімінің қызметтік көлігі жол апатына себепкер болды

Өскеменде қала әкімінің қызметтік көлігі жол апатына себепкер болды. Арақ ішіп алып, S классындағы «Мерседесті» айдап шыққан шенеуніктің жүргізушісі бірден төрт көлікпен соқтығысқан.

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 353
Фото - Caravan.kz


Қала әкімі Темірбек Қасымжанов кезекті демалыста екен. Оның 001 нөмірлі көлігімен 44 жастағы жүргізушісі шаһардың «студенттер қалашығы» деп аталатын ауданында жүйіткіпті. Сөйтіп жүріп бірден төрт көлікпен соғылған. Әкімдіктегілер Мақсат Әміров жөндеуде тұрған S 500-ді рұқсатсыз айдап шыққан деп ақталды. Тіпті, жүгенсіз кеткен қызмкеткерлерін жұмыстан шығарып үлгерген. Ал жол апатынан зақымданған 4 темір тұлпарды сақтандыру компаниясы жөндеп бермекші.