Аттестациядан сүрінген Кеден комитетінің төрағасы жұмыстан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аттестациядан сүрінген Кеден комитетінің төрағасы жұмыстан босатылды

Аттестациядан сүрінген Кеден комитетінің төрағасы жұмыстан босатылды

«А» корпусының кадрлық резервіне емтихан тапсыруға келмегені үшін Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев жұмыстан босатылды.

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 334
Фото - Caravan.kz


64 жастағы Есенбаевтың бұл орынтақта отырғанына екі жыл да толған жоқ. Ал оның орнына 52 жастағы арнайы қызметтің өкілі келді. Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған Госман Әмрин енді кеденге жетекшілік етпек. Бір анығы, қызметкерлері үнемі парамен ұсталып, жемқорлықпен аты шыққан органға басшы тұрақтамай қойды. Қаңтар айында аймақтағы департамент лауазымын 80 мың долларға саудалағаны үшін Кеден комитетінің экс-төрағасы Серік Баймағанбетов 10 жылға абақтыға жабылған еді. Ал қазіргі таңда Алматыда «Қорғас» бекетін  майшелпекке айналдырған кеден мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің  45 шендісіне қатысты сот процесі өтіп жатыр.