Алдағы айдан бастап бензин бағасы 7-8 теңгеге көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы айдан бастап бензин бағасы 7-8 теңгеге көтеріледі

Алдағы айдан бастап бензин бағасы 7-8 теңгеге көтеріледі

Ал қойнауы «қара алтынға» бай Қазақстанда бензин бағасы тағы да қымбаттайды. Құнның өсуіне Қашағандағы апат емес, Ресейден тасымалданатын жанармай көлемінің аяқасты қысқартылуы себеп.

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 384
Фото - Caravan.kz

Қазан айынан бастап Омбы мен Уфадағы ірі зауыттар жөндеуге жабылмақшы. Бұған дейін еліміздің ішкі сұранысын өтеу үшін 900 мың тонна жоғары октанды мұнай өнімдері Ресейден тасымалданып келген. Енді оған бірнеше айға уақытша шектеу қойылады. Ал «қара алтынның» үстінде отырып арзан бензинге жарымаған жүргізушілер қымбатшылықты алдағы аптадан бастап сезіне бастамақ. Баға шамамен 7-8 теңгеге көтеріледі деп күтілуде.


Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі:

— Біздің елдегі нарықтағы бензин бағасы кішкене өсуі мүмкін. Ол деген жеткізбейтіндей өсіп кету деген жоқ. 5-7 пайыздан әрі аспайтын болар деген болжамымыз бар өзімізде.