СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Шайбалы хоккейден Құрлықтық лигада өнер көрсетіп жатқан астананың “Барысы” қатарынан бесінші рет жеңіске жетті. Бұл жолы Ари Пекка Селин шәкірттері украинаның “Донбасс” командасын сырт айдында 4:2 есебімен ұтты.

  • 28 Қыркүйек 2013
  • 377
Фото - Caravan.kz

Алғашқы минуттан “Барысты” қыспаққа алған айдын иелері бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірақ біртіндеп бой үйреткен астаналықтар Дастин Бойдтың көмегімен есеп ашты. Көп ұзамай Талғат Жайлауовтан пас алған Федор Полищук таблодағы есепті 2:0 ге жеткізген болатын. Үзіліске дейін өз мүмкіндіктерін құр жібермеген “Барыс” ойыншылары тағыда бір шайба соқты. Бұл жолы да көзге түскен — Бойд. Екінші кезеңде Максим Спиридонов мергендік танытты. Қалған уақытта “Барыстың” бұрынғы шабуылшысы Лукаш Кашпар Ари Ахонен қақпасының кілтін тапты. Қортынды есеп 4:2. Енді “Барыс” келесі кездесуін Загребте жергілікті “Медвешчак” командасына қарсы өткізбек.       

 

13 жастағы Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдумәлік Түркияда мәресіне жеткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жансая шешуші 13-ші турда ресейлік Александра Горячкинаға жарты ұпай ұтылып тұрған. Соңғы кездесуде Үнді елінің өкілі Рут Падминимен ойнаған отандасымыз тең түскен. Ал ресейлік болса өз қарсыласын ұтып, бас жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орынға тағы бір Қазақстан өкілі Динара Садуақасова да жақын болған. Алайда шешуші кездесулерде жолы болмаған жерлесіміз тек жетінші орынға тұрақтады. 

 


Испанияда футболдан Ла лиганың 6-шы айналымның соңғы кездесулері ойналды. Бұл жолы  “Атлетик” Бильбао өз алаңында “Бетисты” қабылдаған болатын.

Кездесуді алма кезек шабуылмен бастаған қос команда бірінші таймда есеп ашпады. Ал үзілістен кейін “Бетис” ойыншысы Хорхе Молина өз командасын алға шығарды. 70-ші минутта “Атлетик” бапкері алаңда Оскар Де Маркосты шығарған. Ойынды бірден жандандырған бұл ойыншы бірден таразы басын теңестірді. Осы голдан кейін қанаттанған “Атлетик” футболшылары үлкен күшпен шабуылдап өз дегендеріне жетті. 82-ші минутта Микель Сан Хосе Бильбао жанкүйерлерін бір желпіндіріп тастады. Қалған уақытта “Бетис” шабуылшысы Хорхе Молина қақпашымен бірге бір шығып ұрымтал тұстан мүлт кетті. Қалған уақытта қонақтар қанша тырысқанымен есеп өзгеріссіз қалды. Қортынды есеп 2:1 “Атлетиктың” пайдасында. 6-шы айналымнан кейін турнир кестесінде “Барселона” мен Мадридтық “Атлетико” жүз пайыздық көрсеткішпен көш бастап тұр.