ШҚО-да 1 аптада қысқа дайындалған 200 тоннадан аса шөп өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 1 аптада қысқа дайындалған 200 тоннадан аса шөп өртенді

ШҚО-да 1 аптада қысқа дайындалған 200 тоннадан аса шөп өртенді

Шығыс Қазақстандағы шаруалар шығынға шаш-етектен батып жатыр. Соңғы бір аптаның өзінде жұрттың қысқа дайындаған 200 тоннадан астам шөбі өртенген.

  • 28 Қыркүйек 2013
  • 268
Фото - Caravan.kz


Жаз бойы далада бел жазбай, мал азығын қамдаған ел әп-сәтте тақырға отырды. Мынау Семей шетіндегі Жарқын ауылындағы тұрғындардың бірінің маясы. Қысқа қамдаған 12 тонна шөп көзді ашып-жұмғанша күлге айналды. Орнын толтыру үшін ораққа ілінер шөп те жоқ қазір. Ал тоннасы 25 мың теңгеден саудаланды. Қызыл жалын қорадан да түк қалдырмады. Көп жағдайда өрт адамдардың абайсыздығынан немесе көре алмайтын көршілердің қасақана от қоюынан шығады.