Ақтөбелік мектеп директоры Ресейде аттестат сатумен айналысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік мектеп директоры Ресейде аттестат сатумен айналысқан

Ақтөбелік мектеп директоры Ресейде аттестат сатумен айналысқан

Ақтөбедегі жекеменшік мектептердің бірінің директоры Ресейде аттестат сатумен айналысқан. Көрші елдің тілшілер даярлаған материалдарға қарағанда, алаяқтық әрекетке барған «Шаңырақ» деп аталатын білім ордасының басшысы Галина Думанская екен. Ол ресейлік түлектерге Қазақстанға келмей-ақ 600 мың теңгеге мемлекеттік үлгідегі аттестат алып беруге уәде етіпті. 

  • 28 Қыркүйек 2013
  • 501
Фото - Caravan.kz

Ресей университеттерің ақылы бөліміне түсу үшін шетелдік мектептерді тәмамадаған абитуриенттер емтихан тапсырмайды. Осыны білген оқу үлгерімі нашар оқушылардың қалталы ата-аналары Ақтөбедегі жекеменшік «Шаңырақ» атты білім ошағының басшылығымен ауыз жаласқан. Көрші елдегі телеарналардың бірінің тілшілері мектеп директоры Галина Думанскаяның аттестат саудалап жүргенін көріп, оны жасырын таспаға түсіріп алыпты. Білім ошағының басшысы құжатты 120 мың рубльден саудалаған.

В 11 классе я их зачисляю к себе, документы беру так, ну, чтобы числились. И когда выпускные экзамены, естественно, за них там напишут. И вы получаете аттестат. Вот и все.

Мұны естіген еліміздің бас мұғалімі Аслан Сәрінжіповтің өзі де жағасын ұтап отыр. Ақтөбеге сапары кезінде осы істі тікелей бақылауында ұстайтындығын айтты. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім жіне ғылым министрі:

 Бұл бұрын-соңды болып көрмеген жағдай. Сондықтан бүге-шегесіне дейін тексереміз. Мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек.

Ал «Шаңырақ» жекеменшік мектебі болса бұрынғысынша жұмысын жалғастыруда. Дауға қалған білім ошағының әкімшілігі қандайда бір мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр. Директор Галина Думанскаяның өзі Мәскеуден әлі оралмаған көрінеді.

Қазір мектепті құқық қорғау органдарының өкілдері тексеруге кірісті. Егер ресейлік тілшілердің келтірген дәйектері дәлелденсе қылмыстық іс қозғалады.


Әкімгерей Көшербаев, Ақтөбе облысының білім беру сапасын бақылау департаментінің директоры

— Егер айтылған деректердың барлығы расталатын болса, қылмыстық кодекс бойынша іс қозғалуы мүмкін. Оқушылардың жеке іс қағаздары да, бұйрықтар да шетелден келді ма, жоқ па, қай кезде келді? Соның барлығы болады және жеке іс қағаздарында олардың Қазақстанның азаматтығы бар ма, мінекей бүкіл құжаттар болады.

Қазір «Шаңырақ» мектебінің директоры Галина Думанская Мәскеуде аттестат саудалап емес, жасырын таспаға түсірген тілшілермен соттасып жатқан көрінеді. Елге келген соң баспасөз мәслихатын өткіземін деп уәде берді дейді қарамағындағылар.