114 науқастың 34-і аудандық ауруханаға жеткізілсе, қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда. Барлығының қызуы көтеріліп, іштері өткен. Сондықтан қазір «Қайназар» ауылында СЭС қызметкерлері үй-үйді аралап, бақылауды күшейтті. Бірақ ақ халаттылар да індеттің неден және қалай жұққанын анықтай алмай дал. Және вирустың қаншалықты қауіпті екені де белгісіз. Десе де, жергілікті тұрғындар дерт судан болуы мүмкін дейді. Қазір ауылдағы су көздері жабылып, түгел дезинфекцияланып жатыр. Ал ауызсу сырттан көлікпен тасымалдануда. Дүкендердегі азы-түлік де қатаң бақылауға алынған.