Мемлекеттік тілде жауап ести алмағаны қызуқанды жолаушының ызасын тудырса керек. Бортсерікке айқайлап, әкелген шөлмектегі сусындарын тепкен көрінеді. Шу көтерген азамат экс-шенеунік екен. Мейрамбек Биғали біраз жыл бұрын Атырау облысындағы Мақат ауданында әкімнің орынбасары болған. Оны сабасына бір ұшақта келе жатқан Батыс Қазақстан облысының әкімі түсірді.
Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
— Ұшу кезінде белдігіңізді «тартып» алыңыз деген сөзде «т» әрпі түсіп қалған. Сонда айтады да неге бұлай жазылған, неге қате жазылған, айналаңа, шаңыраққа қара деп. Бүйтіп енді дөрекі әдістермен тіл үйретуге болмайды. Екінші жағынан әуе компнаиясы басшылығына телефон соғып айтқам, шара қолданыңдар деп. Қызмет көрсететін ұшқыштар, қызмет көрсететін борсеріктер барлығы мемлекеттік тілді білсін.