Хусаин Валиев және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері талқылады, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.
Кездесуді ашқан ПМУ проректоры Арман Ақышев «Нұр Отан» ХДП азаматтық қоғамның бөлігі екенін, халықтың мүддесіне қызмет етіп, азаматтық бастамаларды дамытуға қажетті жағдайлар жасап отырғанын тілге тиек етті.
Сенат депутаты А.Башмаков «Нұр Отанның» негізгі құжаты «жаңа» адамның қалыптасуын анықтайтынын атап өтті.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, сенатор Х.Валиев «Нұр Отан. Болашақты жасай отыра!» саяси доктринасы эволюциялық дамудың жолын қамтамасыз етуге көмектесіп, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет құру, әрбір алдына мақсат қойған, еңбексүйгіш және заңға бағынған адамның табысты болатынын және қоғамға пайда әкелетініне үміт білдірді.
Кездесу қызу диалог түрінде өтті. Оқытушылар мен студенттер барлық сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауап алды.