Алматыда жүйке ауруларына шалдыққан мүгедек балаларға арналған интернатта сатып алынған киім мен төсек-орында формальдегидтің шамадан тым көп екендігі анықталған.
Бұл факті тексеру барысында анықталды, делінген қалалық прокуратураның сайтында жария етілген хабарламада.
Уытты заттың төсек-орын, жаялық, сүлгі, носки, ерлердің аяқ киімінде тым көп болғандығы анықталды.
Бұл заттар 147 баланың денсаулығына кері ықпал етуі ықтимал, өйткені формальдегид уытты зат және ісік ауруларын туғызуы мүмкін, деп атап өтті прокуратурадан.
Ведомство тарапынан қалалық эпидемиялық қадағалау департаментіне заң бұзушылығын жою туралы ұсыныс жасалды.
Формальдегид – иісі өткір түссіз газ, тыныс алу органдарына, көзге, теріге, генетикаға әсер етеді. Адам жүйкесіне қатты әсер етеді, канцерогенді заттардың тізіміне енгізілген.