Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,19 теңгеге төмендеп, 1$ құны 153 теңге 81 тиынды құрады.
Жұмадағы орташа бағам 1 доллар үшін 153 теңге 62 тиын.
KASE мәліметтеріне сәйкес, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 113,95 млн долларды құрады, жұмада 86,5 млн доллар болатын.
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.
Ресми бағам анықтау тәртібіне сәйкес, 30-қыркүйекте теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 153 теңге 62 тиын.1-қазан күні 153,81.