Біз көрші елдерді «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында күш-жігерді біріктіруге шақырамыз - ҚР Премьер-Министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз көрші елдерді «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында күш-жігерді біріктіруге шақырамыз - ҚР Премьер-Министрі

Біз көрші елдерді «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында күш-жігерді біріктіруге шақырамыз - ҚР Премьер-Министрі

Қазақстан көрші елдерді «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында күш-жігерді біріктіруге шақырады.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі бойынша халықаралық конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

«Кез келген проблема жаһандық маңызға ие қазіргі әлемде оларды бірыңғай экожүйеден бөле-жара шешу мүмкін емес»,-деді ол.

Үкімет басшысының атап өтуінше, өмірлік экожүйенің бір-бірімен байланысты болуы себепті ішкі проблеманың өзі бүкіл Орталық Азияның толықтай алғанда өңірдің проблемасына айналып отыр.

«Біз сондықтан да көршілерімізді «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының бірлескен тұғырнамасы аясында күш-жігерді топтастыруға шақырамыз»,-деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, конференцияға қатысушылар жасыл жаңғыртуға көшу мәселелерін атап айтқанда, су және басқа да табиғи ресурстарды орнықтыру басқару, жаңартылатын энергия көздерін және ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылауда.


Алқалы жиынның қорытындысы бойынша «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық жөніндегі хартияға қол қойылады деп күтілуде.