Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«2 қазанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асуы барысымен, сондай-ақ Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған және салынып жатқан нысандармен танысу мақсатында Ақтөбе мен Қостанай облыстарына барады»,-деді ресми өкіл.
Атап айтқанда, Ә. Исекешевтің қатысуымен «Ақтөбе-Инвест-2013» инвестициялық бірінші форумын өткізу жоспарланған.