Автокөлік иелеріне VIP-нөмірлерді сатуға мүмкіндік беретін заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автокөлік иелеріне VIP-нөмірлерді сатуға мүмкіндік беретін заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады

Автокөлік иелеріне VIP-нөмірлерді сатуға мүмкіндік беретін заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады

Қазақстанда автокөлік иелеріне VIP-нөмірлерді сатуға мүмкіндік беретін заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
           "Қазіргі кезде заңдық, құқықтық база әзірленді, бірақ қабылданған жоқ. Сондықтан нөлдер мен бірдей сандардан тұратын мемлекеттік нөмірлерді сатуды жоспарлап отырғанымыз рас. Бұл заң жобасын салық комитетімен де талқыладық, түсетін табысты есептедік. Жыл соңына дейін аталған заң жобасы тиісті органдарда мақұлданады деп есептеймін", - деді ол дүйсенбі күні президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда автокөлік иелеріне VIP-нөмірлерді сатуға мүмкіндік беретін заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.


           "Қазіргі кезде заңдық, құқықтық база әзірленді, бірақ қабылданған жоқ. Сондықтан нөлдер мен бірдей сандардан тұратын мемлекеттік нөмірлерді сатуды жоспарлап отырғанымыз рас. Бұл заң жобасын салық комитетімен де талқыладық, түсетін табысты есептедік. Жыл соңына дейін аталған заң жобасы тиісті органдарда мақұлданады деп есептеймін", — деді ол дүйсенбі күні президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.