Екінші «Байқоңыр» инвестициялық форумы қараша айында өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші «Байқоңыр» инвестициялық форумы қараша айында өтеді

Екінші «Байқоңыр» инвестициялық форумы қараша айында өтеді

 Екінші «Байқоңыр» инвестициялық форумы қараша айында өтеді. Бұл туралы бүгін өткен Қызылорда облысы әкімдігінің аппарат мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова мәлімдеді.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 765
Фото - Caravan.kz

Аталмыш форумды қарашаның 13-14-і күндері өткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты жиынның шеңберінде жасалатын іс-шаралардың жоспары бекітілді. Қазанның 2-сіне дейін ұйымдастыру комиссиясының құрамы белгілі болады. Ал әкімгері болып сыртқы байланыстар басқармасы белгіленді.

Форумның бағдарламасына сәйкес, жиынның бірінші күнінде жалпы отырыс және үш секцияның жұмысы жүргізіледі. Олар металлургия және күріш кластері мәселелеріне арналады. Онда сондай-ақ «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізін пайдалану жайы сөз болады. Ал екінші күнгі іс-шаралар Байқоңыр қаласында өтіп, осы айлақтың даму келешегіне бағытталады.

Аппарат отырысын жүргізген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев екінші «Байқоңыр» инвестициялық форумы аймаққа ірі инвестициялық капитал тартуды басты мақсат тұтуы керек екеніне назар аударды. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, мәслихат депутаттары «облыстың инвестициялық климатын жақсарту үшін» жұмыс жасаулары керек.