Қазақстан мен Ресей төтенше жағдайларды ғарыштан бірлесіп бақылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей төтенше жағдайларды ғарыштан бірлесіп бақылайды

Қазақстан мен Ресей төтенше жағдайларды ғарыштан бірлесіп бақылайды

Бүгін Астанада төтенше жағдайларды ғарыштан бақылау мен болжаудың бірлескен жүйесін құру жөніндегі Қазақстан - Ресей жұмыс тобының екі күндік мәжілісі басталды.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 819
Фото - Caravan.kz

Оған екі елдің төтенше жағдайлар, қорғаныс және ғарыш саласындағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың сарапшы мамандары қатысуда. Олар төтенше жағдайларды ғарыштан бақылау мен болжаудың бірлескен жүйесін құру жоспарын орындау барысын жан-жақты қарастыруды көздейді. Аталған құжат үш жылдың ішінде орындалуы шарт. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко атап көрсеткендей, соңғы екі жылдың ішінде біраз жұмыстар атқарылды. «Енді, барлық іс-шараларды іс жүзінде орындау қажет. Мәселен, қазір Қазақстанның территориясын ғарыштан бақылау жерсерігі құрастырылып жатыр. Келесі кезекте біз жердегі инфрақұрылымды барынша дамытуымыз қажет», — дейді В. Божко.

Айта кетейік, төтенше жағдайларды ғарыштан бақылау мен болжаудың бірлескен жүйесін құру жөніндегі Қазақстан — Ресей жұмыс тобы 9 құжатты қарастырып, даярлауды жоспарлап отыр. Соның арқасында қар көшкіні, су тасқыны, өрт және тағы басқа табиғи-техногендік апаттарды ғарыштан түсіріп, шұғыл түрде өзара ақпарат алмасуға болады.