Бұл жас Абылайға жауға шабар алдында Қожаберген жыраудың берген батасы. Кезінде Сабалақ атанып, кейін Абылай атымен Алашқа танылған тарихи тұлға ең маңызды шешімдерді дәл осы Қызылжар жерінде қабылдаған. Солардың бірі, орыс елшісімен болған келіссөздерден көрініс қазақ драма театры актерлерінің сомдауымен сәтті шықты. Мұнан кейін ипподромға жиналған халық Абылай ханың мерейтойына арналған ат жарысына куә болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен әкелінген сәйгүліктердің арасында жүлделі орындардың көбі Ақмола мен Астаналық шабандоздарға бұйырды.