Елімізде зейнетақы қорларына алынатын пайыз өсуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде зейнетақы қорларына алынатын пайыз өсуі мүмкін

Елімізде зейнетақы қорларына алынатын пайыз өсуі мүмкін

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинақтарына көбірек қаржы құя бастайды. Зейнетақы қорына тапқан табысын салатындар санын арттыру керек деген Үкімет басшысы енді міндетті пайызды өсіруді қолға алмақ.

  • 1 Қазан 2013
  • 309
Фото - Caravan.kz

Серік Ахметовтыңдерегіне сүйенсек, елімізде 2 млн. 700 мың адам түрлі жеке кәсіп саласында қызмет етеді екен. Алайда соның жартысы зейнетке шыққанда алатын ақшасына алаңдап отырған жоқ. Яғни зейнетақы қорына тіркелмеген, пайыздық жарнасын аудармайды. Қазіргі зейнетақы реформасының басты бағыты да осы болмақ. Еңбек етіп нәпақа тапқандардың барлығын жарна төлеуге міндеттеу. Үкімет отандастардың жалақысынан зейнетақы қорларына алынатын пайызды өсіруді де қолға алмақ.


Серік Ахметов, ҚР премьер-министрі:

— Келесі мәселе жалақыдан зейнетақыға аударылатын пайызды өсіру. Мәселен Сингапурде азаматтардың тапқан табысының 40 пайызы зейнетақы қорларына аударылады. Біз бұған біртіндеп қадам басатын боламыз. Жыл өткен сайын отандастарымыздың жағдайы жақсара түсуде, ауқатты адамдар көбейді. Сондықтан бұл жоспар да жуық арада орындалуы мүмкін.