Қаракөл көлінің жағалауы түгел отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаракөл көлінің жағалауы түгел отқа оранды

Қаракөл көлінің жағалауы түгел отқа оранды

Ал Маңғыстау облысында Қаракөл көлінің жағалауы түгел отқа оранды. Тілсіз жау ерекше қорғалатын қорық аумағындағы жүздеген метр қамыстың түгін қалдырмаған.

  • 1 Қазан 2013
  • 275
Фото - Caravan.kz


Жұма күні тұтанған жалын көл жағалауына жылдам таралып үлгеріпті. Маңайы мибатпақ болғандықтан, техника от ошағына жақындай алмаған. Оның үстіне қатты жел де өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі етіпті. Мамандар тек жалынды бір тәуліктен кейін ауыздықтай алды. Ал экологтар қызыл кітапқа енген құстар мен жануарлардың қырылып қалуы мүмкін деп отыр. Себебі теңіз жағасындағы қалың қамыс талай аң-құстың мекені. Өрттің шығу себептері ретінде демалушылардың тастаған темекі тұқылы да, браконьерлік әрекеттер де қарастырылуда.