Мәжілісте Д.Назарбаеваның төрағалығымен депутаттар мәдениет және ақпарат, білім және ғылым министрліктерінің бюджеттік мәселелерін қарады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте Д.Назарбаеваның төрағалығымен депутаттар мәдениет және ақпарат, білім және ғылым министрліктерінің бюджеттік мәселелерін қарады

Мәжілісте Д.Назарбаеваның төрағалығымен депутаттар мәдениет және ақпарат, білім және ғылым министрліктерінің бюджеттік мәселелерін қарады

Бүгін Мәжілісте Дариға Назарбаеваның төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 1 Қазан 2013
  • 324
Фото - Caravan.kz


Республикалық бюджет туралы заң жобасына сәйкес депутаттар екі министрліктің — мәдениет және ақпарат, сондай-ақ білім және ғылым министрліктерінің бюджеттік жоспарларын қарады.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мемлекеттік ақпараттық саясат туралы баяндады және депутаттардың сұрақтарына жауап қайтарды. Ал білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов атап айтқанда «e-learning» электрондық оқыту жүйесі туралы айтып берді.