Қақтығысу салдарынан алынған жарақаттардан Қатонқарағай ауылының тұрғыны 62 жастағы әйел жолаушы көз жұмды. 61 жастағы «Ауди» көлігінің жүргізушісі және оның 59 және 3 жастағы екі жолаушысы Қатонқарағай ауруханасына жатқызылды. Қылмыстық іс қозғалды.
Ал бүгін түнде дәл осы тас жолдың 375 шақырымында ВАЗ-21063 автокөлігі аударылып қалды — жолға аяқ астынан елік атып шығып, жүргізуші оқыс орын алған жағдай кезінде көлікті басқара алмай қалған. Бұл автокөлік апатында үш жолаушы жарақат алды. Қатонқарағай ауылының екі тұрғыны және Жаңа үлгі ауылының тұрғыны ауруханаға жеткізілді.