Кеше кешкісін «Ауди-100» маркалы көліктің жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарсы келе жатқан «Ауди-80» көлігімен соғылған.
«Ауди-100» көлігінде 5 жолаушы болған — 4 әйел және 1 ер адам. Олардың барлығы, сонымен қатар, екі көліктің жүргізушілері де ауыр жарақаттанған. Бірнеше жедел медициналық қызметтің көліктері арқылы зардап шеккендер Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Бұл аса ірі жол апаты, оның салдарынан адам өлімі болмағаны таңданарлық кездейсоқ жағдай», — деп атап өтті Алматы облысы ІІД ЖПБ басшысы, полиция подполковнигі Нұрлан Ысқақов.
ЖПБ аталған факті бойынша қажетті сараптама тағайындалғанын нақтылады.