А.Лукашенко Беларусь пен Қазақстан қарым-қатынасын қарқынды деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Лукашенко Беларусь пен Қазақстан қарым-қатынасын қарқынды деп санайды

А.Лукашенко Беларусь пен Қазақстан қарым-қатынасын қарқынды деп санайды

Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь пен Қазақстан қарым-қатынасын қарқынды деп санайды. Бұл туралы ол Қазақстанға сапары қарсаңында «Хабар» агенттігі мен "24 KZ" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА тілшісі.

  • 1 Қазан 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біздің арақатынасымызда қандай да бір серпінділікті жоспарлау дұрыс емес болар еді. Әлемдік дағдарысқа байланысты кейбір тауарлар айналымының төмендегеніне қарамастан біздің арақатынасымыз бірқалыпты, динамикалық түрде дамып келеді», — деді Александр Лукашенко.

Екі елдің арасында саясатта, дипломатияда ешқандай проблема жоқ. Мемлекеттеріміз халықаралық аренада біржақты ұстанымда, халықаралық күн тәртібі бойынша ұқсас көзқараста, үкімет пен президенттер арасында толық түсіністік бар, деп атап өтті Александр Лукашенко.

«Ал экономикаға келетін болсақ Беларусь Қазақстанды индустрияландыру жөніндегі бірқатар жобаларға белсенді түрде қатысуда. Біз бүгін шамамен 20-дай аса ірі жоба бойынша жұмыс істеп келеміз. Бұл жобаларға Қазақстан жүздеген мың қаржы жұмсап отыр. Біз осы қаржыны игере отырып, әртүрлі бағыттағы бірлескен кәсіпорындар құрудамыз, біздің экономикамыз еш жерде бәсекелеспей бірге дами алады, бұл үлкен артықшылық», — деді Беларусь басшысы.