Бақыт Сыздықова «Нұр Отан» партиясына қарызын қайтарып беретінін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Сыздықова «Нұр Отан» партиясына қарызын қайтарып беретінін мәлімдеді

Бақыт Сыздықова «Нұр Отан» партиясына қарызын қайтарып беретінін мәлімдеді

Республикалық қоғамдық қабылдау жетекшісі Жұмажан Жүкенов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Бақыт Сыздықованы оның өтініші бойынша қабылдағанын хабарлады.

  • 2 Қазан 2013
  • 408
Фото - Caravan.kz

«24 қыркүйек күні Бақыт Сыздықова «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына оны партия төрағасының бірінші орынбасары жеке қабылдауын өтінген. Б. Байбектің «Мирас» клубының отырысына қатысты Алматыға сапар жасайтынына байланысты кездесу бүгін өтті», — деп хабарлады Жұмажан Жүкенов.

Оның ақпараты бойынша, кездесуге сонымен қатар, партиялық қадағалау комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков және партияның Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов қатысты.

«Бақыт Сыздықова «Нұр Отан» партиясы төрағасының оның ашық хатымен танысқаны және өзінің орынбасарына осы істі қарауды тапсырғанынан хабардар етілді», — деп атап өтті Ж. Жүкенов.

Кездесу барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Б.Сыздықованың «Нұр Отан» партиясының қатарындағы қызметінің қайта қалпына келуін партияның саяси кеңесінің бюро отырысында негізгі қарыз қайтарылғаннан кейін қаралатынын айтты.


«Өз кезегінде Бақыт Сыздықова 7 млн. теңге көлеміндегі қарызға алынған қаржылай соманы қайтарып беретінін мәлімдеді», — деп атап өтті Ж.Жүкенов.