Атырауда газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті

Атырауда газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті

Атырауда газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті. Оқыс оқиға тұрғынүйдің ауласындағы контейнерде болған.

  • 2 Қазан 2013
  • 276
Фото - Caravan.kz


Күшті жарылыстан жақын маңайдағы үйдің терезелері сынып, қабырғасы шытынапты. Ал контейнер жол төсеу жұмыстарымен айналысатын жергілікті компанияға тиесілі екен. Зардап шеккен Түркияның екі азаматы мен бір отандасымыз осы мекеменің жұмысшылары. Шетел азаматтары жұмыстарын аяқтап, елдеріне қайтуға жиналған көрінеді. Контейнер ішіндегі жеке заттарын алып кетпек болып, есігін ашқанда жарылыс болыпты. Қазір үш азамат та ауыр халде ауруханада жатыр.