Ақсудағы марафон ардагерлер үшін миллион жинады - Павлодар облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсудағы марафон ардагерлер үшін миллион жинады - Павлодар облысы

Ақсудағы марафон ардагерлер үшін миллион жинады - Павлодар облысы

Павлодар облысының Ақсу қаласында «Қамқорлық» айлығы басталып, оның барысында ардагерлерге қаржылай қолдау көрсету үшін қайырымдылық марафоны өткізілді,

  • 2 Қазан 2013
  • 402
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайына еңбек ұжымдары мен мекемелердің, оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен ардагерлер жиылды.

Халықаралық қарттар күнімен аға ұрпақты Ақсу әкімінің орынбасары Балғабай Ыбыраев құттықтады. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынов осы іске бей-жай қарамаған қала тұрғындарына, қайырымдылық шарасына қатысып жатқан кәсіпорындар мен ұйымдарға алғысын білдірді.

Марафон барысында қаланың мәдениет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.


Шара қорытындысын есептеу комиссиясының төрайымы, қаланың құрметті азаматы Фаина Лазарева жариялады. Барлығы 1 миллион 72 мың теңге жиналған. Бұл қаржы оған мұқтаж ақсулықтарға беріледі.

Қалалық ардагерлер кеңесінің қорына ақша жинау жалғасып жатыр. «Қамқорлық» айлығы 23 қазанға дейін жүргізіледі.