Үздік жұмыстар байқауды ұйымдастырушылар комитетінде ашық дауыс беру арқылы анықталады. Жеңімпаз қомақты ақшалай сыйлыққа ие болады. Бұл туралы astana.kz сайтына байқауды ұйымдастырушылар хабарлады.
Байқау сыйлық өнімдерінің отандық өндірушілері жасай алатын кәдесый әлемінің соңғы үрдістеріне сай және "AstanaPianoPassion" байқауының жағдайы мен ниетіне қанық ерекше біртума идеяларды іздеу мақсатында өткізілмек.
«Ұсынылған материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінеді», — дейді ұйымдастырушылар.
Өтініштер 2013 жылдың 20 қыркүйегінен 20 қазанға дейін қабылданады. Байқаудың қорытындысы 7 қарашада ресми сайтта жарияланатын болады.