Қай облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары? - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қай облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары?

Қай облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары?

Әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны рейтингінде Жамбыл облысы бірінші орында келеді.

  • 10 Қазан 2013
  • 519
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Президент Әкімшілігі мен Үкімет тарапынан жүргізілген 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны рейтингінің нәтижесі бойынша Жамбыл облысы республика өңірлерінің арасында бірінші орынды алды.

Әкімнің айтуынша, соңғы 3 жылда өңірлік өнім облыста 33 пайызға өсті. Оның ішінде 2012 жылы бұл көрсеткіш 9,8 деңгейінде болды. Осы орайда былтыр аймақ үшін оның сомасы рекордтық көлемге жетіп 764 млрд. теңгені құрады.