СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2004-жылы спортпен қоштасқан  британиялық кәсіпқой боксшы  Леннокс Льюис шаршы алаңға қайта оралмақ  ойы бар. Британиялық  басылым  Daily Mail-дың  хабарлауынша 48 жастағы Льюиске  рингке оралатын болса,  50 млн доллар санап беруге уәде беріпті.

  • 11 Қазан 2013
  • 275
Фото - Caravan.kz

Бұл әңгіме  Владимир Кличко мен Александр Поветкин арасындағы  титулдық жекпе-жек кезінде  орын алған. Оған ағайынды  Кличколардың бірімен жекпе-жек өткізуге ұсыныс түскен. Ұсынысты жерге тастамаған британдық боксшы  елу аз, ал  жүз миллион доллар  төлесеңдер олардың қайсысымен болсын  жұдырықтасуға  дайынмын депті. Бұл менің бүгінгі бағам деген Леннокс,  тура алты айдан кейін суытылған сәйгүліктей нағыз спорттық бабына келетінін де жеткізіпті. Естеріңізге сала кетсек,  2003-жылы  Виталий Кличконы техникалық нокаутпен ұтқан  Леннокс Льюис  көп ұзамай кәсіпқой бокстан қол үзген еді.

 

 

23 жастағы қазақстандық Әлішер Апсалямов Англия примьер лигасында өнер көрсететін “Кардифф Ситидың” селекцотеры болып тағайындалды. Жас қазақстандық тәжірибесі жоқ болса да, клуб қожайыны малайзиялық миллиордер Винсент Тан осындай шешім қабылдапты.

Бұл жаңалық қазір Англияда қызу талқылануда. Мәселен “Кардифф” жанкүйерлері бұл таңдауға наразылық білдіруде. Осы уақытқа дейін селекционер қызметін атқарған Ян Муди белгісіз себептермен орнынан босатылған. Сондай-ақ ол бас бапкер Малки Маккайдың жақын досы болатын. Сондықтан жақын күндері бас жаттықтырушы да өз еркімен қызметінен кетуі ғажап емес. Ал өз кезегінде Әлішер Апсалямов жаңа жұмысқа жақында кіріспек.

 


 

Футбол әлемінде  небір қызықтар болып тұрады. Сондай  жәйттердің бірі Грекияның екінші лигасында өнер көрсететін «Олимпиакос Волос» пен «Гилфадас» клубтары арасындағы матчта орын алған. 3:1 есебімен жеңіліп жатқан «Гилфадас» кездесудің 83-минутында ойыншылар алмастырады.

Бірақ  ойынға жаңадан қосылған ивуарлық шабуылшы,  арада 10 секунд өткенде алаңнан қуылып кете барды. Шыққан бойда доданың ортасынан табылған  Дижехуа абайсызда  қарсыласына қол жұмсап  жібереді.  Сөзге келмеген алаңдағы төреші  командасын құтқаруға шыққан футболшыға қызыл қағаз көрсетті. Тоғыз ойыншымен қалған «Гилфадас» матч соңына дейін тағы бір доп өткізіп алды. Қорытынды есеп 4:1.