«Он и она» деп аталатын отандық фильм көрерменге жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Он и она» деп аталатын отандық фильм көрерменге жол тартты

«Он и она» деп аталатын отандық фильм көрерменге жол тартты

Бүгін сондай-ақ «Он и она» деп аталатын отандық фильм де көрерменге жол тартты. Романтикалық комедия жанрында түсірілген кино қыз бен жігіттің махаббаты туралы. Жаңа картинада шынайы сезімнің шарықтау шегі мен құлдырауы, қуанышы мен қайғысы суреттелген.

  • 11 Қазан 2013
  • 274
Фото - Caravan.kz


Басты кейіпкер-алматылық қарапайым студент. Ол да басқалардай нағыз махаббатын кездестіруді армандайды. Күндердің күнінде сол арманы орындалып, сұлу қызды жолықтырады. Бірге жүріп көптеген қызықтарды бастан өткереді. Фильмде кешегі мен бүгінгі күн өз үйлесімін тапқан. Картина Алматының көрікті жерлерінде түсірілген. Басты рөлдерді жас актерлер Динара Бақтыбаева мен Жандос Айбасов сомдайды. Режиссер Сәкен Жолдас оқиғаның соңғы нүктесін қоюды көрерменнің еншісіне қалдырып отыр.